Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ РЕФЕРЕНДУМҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Уақыты: 01.06.2022
Оқылды: 1160
Бөлім: САЯСАТ

Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ректор Қуат Баймырзаевтың басшылығымен, оқытушылардың қатысуымен референдумға байланысты жиын өтті.

Жиында ректор референдумның осыған дейін екі рет өткенін, одан кейін болған нәтижелерді айта келіп, бұл жолғы саяси оқиғаның мән-мағынасы терең екенін, келешек үшін жасалған оң қадам болатындығын айтты.

Сөз арасында Қуат Маратұлы Кониститутциядағы өзгерістердің болашаққа бастар сәтті қадам екеніне сенім білдірді. Баяндама соңында оқытушыларды жаппай дауыс беруге шақырып, болашақ үшін дұрыс шешімді таңдауды ұсынды. «Ел ертеңі үшін кез келген адам алаңдауы тиіс», – деп түйді өз сөзін ректор.

     Серік ҚАНТАЙ

Алматы облысы