Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ЖЕР-ЖЕРДЕ "НҰР-СҰЛТАН" ДЕГЕН ЖАЗУЛАР АЛЫНЫП ЖАТЫР. ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫ

Уақыты: 19.09.2022
Оқылды: 896
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Нұр-Сұлтан қаласының атауын қайтадан Астана деп атау туралы жаңа Жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының  елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін.

2.Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Президент Жарлығында.

Айта кетейік, бүгінде Президент Жарлығы шыққаннан кейін жер-жерде Нұр-Сұлтан деген жазулар, жол бойындағы атау белгілері алынып жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды