ТОҚАЕВТЫҢ ЖАҚТАСТАРЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Уақыты: 04.11.2022
Оқылды: 2394
Бөлім: САЯСАТ

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы облысындағы сайлаушылар бірқатар кездесулер өткізді.

Өтеген батыр ауылында балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өтіп, оның барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі мақсаттары талқыланды. Бұдан әрі РҚШ мүшелері Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде Алматы облысының жұртшылығымен кездесті. Оған 200-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, штаб мүшелері өңірдегі көп балалы аналарымен кандидаттың өскелең ұрпақты қолдау және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі сайлауалды бастамалары туралы әңгіме өрбіді.

Осы күні республикалық қоғамдық штаб мүшелері Іле ауданының Құрметті азаматтарымен кандидаттың сайлауалды бағдарламасын талқылап, Қонаев қаласындағы жергілікті базарлардың бірінде жастармен кездесу өткізді.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"