Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА АВТОБУСТАР ТЕГІН ЖҮРЕДІ. САЙЛАУ КҮНГІ ЖАҢАЛЫҚ

Уақыты: 18.11.2022
Оқылды: 659
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетін күні Қонаев қаласында автобустар жолаушыларды ТЕГІН тасымалдайтын болады. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі мәлімдеді.

"Восточный", "Әсемтас" шағынаудандарында және "Строитель" саяжай алабында тұрғындарды сайлау учаскелеріне жеткізу үшін ҚОСЫМША РЕЙСТЕР іске қосылады.

Автобус аялдамалары: «Строитель» саяжай кооперативі, кооператив кеңсесінің алды, «Восточный» шағынауданы. Соңғы аялдамада жолаушыларды жинау «Әсемтас» шағынауданында жүргізіледі. Жұмыс уақыты: 7.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"