МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖЕР ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Уақыты: 16.03.2023
Оқылды: 1623
Бөлім: САЯСАТ

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтетін заңға қол қойды.

Жаңа заңға сәйкес жерге қатысты мемлекеттік бақылау күшеймек. Нақтырақ айтқанда, 15 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, 

Заңның негізгі мақсаты – жер қатынастары саласында заңдылықтарды бұзу бойынша жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін арттыру  және жер пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органға аталған мәселелерге қатысты әкімшілік істерді қарау өкілеттіктерін беру.

Тарқатқанда,  заң жекелеген баптар бойынша жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті нақтылауға бағытталған.

Сондай-ақ, жерді пайдалануға мемлекеттік бақылауды іске асыратын органдардың өкілеттіктерін қайта қарау көзделген.

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ