Ерлан Қарин: "Біз ел дамуындағы жаңа кезеңге қадам бастық"

Уақыты: 05.06.2023
Оқылды: 952
Бөлім: САЯСАТ

Ел тарихындағы кезекті референдумның өткеніне де бір жыл толды. Осы орайда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның  Telegram парақшасында жарияланған саяси оқиға жайлы ойын назарларыңызға ұсынамыз. 

«Бір жыл бұрын қазақстандықтардың басым бөлігі, яғни азаматтардың 77,18 пайызы республикалық референдумда ел Конституциясын өзгерту туралы заң жобасын жақтап дауыс берді. Конституцияға енгізілген түзетулер Президент, Парламент және сот институттарын реформалауды көздеді. Осылайша, Мемлекет басшысының 2022 жылдың 16 наурызында жарияланған Жолдауында айтылған ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасы Конституциялық тұрғыдан бекіді. Бұл референдум Қазақстан қоғамы үшін маңызды оқиға болды. Өйткені біз ел дамуындағы жаңа кезеңге қадам бастық» деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Бұдан бөлек ол Президенттің саяси жаңғыру бағдарламасын іске асыру жалғаса беретінін жеткізді. 

«Конституциялық реформа мен соңғы сайлау циклі жаңа саяси жүйенің келбетін қалыптастырды. Президенттің саяси жаңғыру бағдарламасын іске асыру жалғаса береді. Алдымызда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы тұр» дейді Ерлан Қарин.

Фото: ашық дереккөзден