ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ 11 МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Уақыты: 12.06.2024
Оқылды: 390
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

 


Келіссөздер нәтижесінде екі елдің ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Энергетика саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық туралы келісім;

2. Мұнай-газ және мұнай химиясы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігі арасындағы электр энергетикасы саласындағы жан-жақты ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігі арасындағы маңызды минералдар мен металдар саласындағы жан-жақты ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Корея Республикасының Экономика және қаржы министрлігі арасындағы білім алмасу және даму саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Корея Республикасының Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрлігі арасындағы ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Корея Республикасының орман шаруашылығы қызметі арасындағы орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігі арасындағы мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару туралы өзара түсіністік туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі арасындағы жұмыспен қамту және еңбек саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

10. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Корея Республикасының Қаржылық қызметтер жөніндегі комиссиясы және Корея Республикасының Қаржылық қадағалау қызметі арасындағы банктерді қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

11. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасындағы Париж келісімінің 6-бабы бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум.