Оқи отырыңыз
Вице-премьер Нұрлан Байбазаров Ұлттық инфрақұрылым жоспарында 40 трлн теңгенің 200 жобасы бар екенін айтты.
Әзірленген және қазір Үкіметте бекіту сатысында тұрған 200-ден астам жоба Ұлттық инфрақұрылымдық жоспардың бөлігі болып саналады.
«Жалпы жоспар биылдан бастап 2029 жылға дейінгі кезеңде 200-ден астам жобаны іске асыруды көздейді. Инвестиция көлемі 40 трлн теңгеден асады. Бұл айтарлықтай елеулі инвестициялар және біз оларды тарту бойынша маңызды міндет тұрғанын түсініп отырмыз», — деп атап өтті вице-премьер Primeminister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында.
Жоспарды қаржыландыруда басты назар жеке инвестициялар мен сыртқы тікелей инвестицияларды тартуға аударылады.