ПУТИН. РЕСЕЙ УКРАИНАДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ БЕЙБІТ ШЕШУГЕ ДАЙЫН

Уақыты: 04.07.2024
Оқылды: 1197
Бөлім: САЯСАТ

Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Мүше елдердің, бақылаушылар мен диалог серіктестерінің президенттері дөңгелек үстелге жиналды. Өз кезегінде Владимир Путин Ресей Украинадағы жағдайды бейбіт шешуге дайын екенін айтты.


"Ресей әрқашан Украинадағы жағдайды бейбіт, саяси және дипломатиялық жолмен шешуді жақтады және жақтайды, бұл дағдарыс АҚШ пен оның серіктестерінің саясатының нәтижесінде пайда болды," –  деп мәлімдеді Путин.

Путин Ресей Федерациясының жоспары "Киев пен батыс мемлекеттерінің келісімі болса, дереу соғыс қимылдарын тоқтатып, келіссөздерді бастауға мүмкіндік беру" деді.

Ресей президенті бұрын алға тартқан келіссөздердің шарттарының бірі — украин әскерлерін "ДХР", "ЛХР", Херсон және Запорожье облыстарының аумағынан толық шығару. Сондай-ақ Киевтің НАТО қатарына кіру ниетінен бас тартуы.

Путин Астанадағы ШЫҰ саммитінде сөйлеген сөзінде Газа секторындағы соғыс туралы айтып, АҚШ-ты сынға алған еді.