Халықаралық сарапшы: АЭС бірнеше саланың дамуына серпін болады

Уақыты: 06.09.2024
Оқылды: 443
Бөлім: САЯСАТ

Атом электр станциясы, индустрияның дамуына сеп болады. Швейцария Ядролық форумының директоры Лукас Аэби осылай деді.

Оның сөзінше 60-шы жылдары Швейцарияға АЭС салғанда осы үрдіс байқалған. Сондай-ақ АЭС технологиялық даму, өнеркәсіптік инженерия сынды салаларға да оң әсер еткен.

Лукас Аэби, Швейцария Ядролық форумының директоры, сарапшы:

АЭС-ті энергияға сұраныс көп өңірде салуға болады. Жоғары вольтты тұрақты токты беру тәрізді заманауи технологияны қолдануға болады. Ол электр қуатын алыс қашықтыққа жеткізе алады. Швейцариядағы 60-шы жылдары АЭС сала бастағанда отандық компаниялар зауыттың құрылысы мен дамуына араласты. Мысалы олар АЭС-терге арнап турбиналар шығарды. Сол себепті индустриямыз күрт дамыды.

 

Фото: dknews.kz