ШЭНЬСИ ӨЛКЕСІНЕН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Уақыты: 24.09.2024
Оқылды: 538
Бөлім: САЯСАТ

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл ҚХР Шэньси өлкесінен келген делегацияны қабылдады.


Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Ернат Бәзіл Қытай Халық Республикасы, Шэньси өлкесі, Юйлинь қаласының, партком мүшесі, Біріккен майданмен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Ван Хуашэн бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым-қатынас жайы сөз болды. Атап айтқанда, тараптар сауда-эконмикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде «жасыл» энергетика, туристік және мәдени-гуманитарлық бағыттар саласындағы екіжақты байланыстарды дамыту, инвестиция көзін тарту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, ауыл-шаруашылығы тауарларын өңдейтін жобаларды іске асыру және мәдени-гуманитарлық салада, білім мен ғылымда тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды.

Өз кезегінда қала басшысы Ернат Бәзіл мұны көптің көңілінен шығатын, халықтың кәдесіне жарайтын оңды іс ретінде бағалайтындығын жеткізді. Кәсіпорын болашақта елдің игілігіне қызмет істейтіндігіне сенім білдірді.

Айта кетейік, Шэньси өлкесінен келген делигаттар алдағы уақытта қаламызға ешкі жүнін өңдейтін кәсіпорынды ашуды жоспарлап отырғандықтарын айтты.