Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Казахстан и Россия: новые горизонты стратегического партнерства" атты мақаласы Ресейдің "Известия" басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресейдің "Известия" басылымы жариялаған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы
"Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар мызғымас және берік достықтың үлгісі болып табылады. Біздің стратегиялық серіктестігіміз бен одақтастығымыз терең тарихи және мәдени байланыстарға, сондай-ақ екі халықтың болашағы үшін ортақ жауапкершілікке негізделген.
Біздің елдер жаһандық сын-тегеуріндерге қарамастан, тату көршілік пен көпқырлы ынтымақтастықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Мұндай ынтымақтастықтың негізінде ортақ мүдделер, өзара құрмет және жоғары деңгейдегі конструктивті саяси диалог жатыр.
Ресей Президенті Владимир Владимирович Путинмен біз ашықтыққа, іскерлікке және өзара құрметке негізделген тұрақты байланыс орнаттық. Бұл туындаған мәселелерді жедел шешуге және мемлекеттеріміз арасындағы шынайы достық қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді. Соңғы бір жыл ішінде біз Ресей президентімен төрт рет толық форматты келіссөздер өткізіп, халықаралық іс-шаралар аясында бірнеше мәрте кездестік және телефон арқылы сөйлестік.
Екі ел үкіметтері мен бизнес өкілдерінің күш-жігерінің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты түрде дамып келеді."
Фото: Ақорда