Путин тағы бір соғысты бастауға ниетті

Уақыты: 31.03.2025
Оқылды: 1416
Бөлім: САЯСАТ

АҚШ Гренландияны басып алса, Арктикада соғыс басталуы мүмкін. 

Ресей Президенті Владимир Путин ескерту жасады. Ол қауіпсіздік жөніндегі кездесуде, елдің солтүстік аумақтарын қорғауға дайын екенін ашық айтты. Вашингтонның бұны ескермеуі үлкен қателік деді.

Путиннің пайымынша, Ақ үй Гренландияны басып алу саясатын 19 ғасырдан бері ойластырып келеді. Бұл Дания мен АҚШ арасындағы мәселе болғанымен, НАТО-ның арктиканы жиі жағалауы Мәскеуді алаңдатады. Трамптың арал мемлекетін басып алу туралы мәлімдемесінен кейін, Ресей арктиканы дамытуды қайта қолға алған. Сондай-ақ, өңірде шоғырланған әскерилердің де санын арттыруға кіріскен.

Дереккөз: madeniportal.kz
Фото: AFP