ЕЛБАСЫ ОПЕРА ТАМАШАЛАДЫ

Уақыты: 11.02.2019
Оқылды: 1157
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті «Астана опера» театрының бас дирижері А.Бөрібаев пен италиялық қоюшы-режиссер Д.Ливермор қойған П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсын тамашалады. Бұл жайында "Ақорданың" баспасөз қызметі хабарлады.

Спектакльдің басты партияларын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының опера әртістері А.Исаев, Т.Мұсабаев, Г.Чеплакова, А.Ниязова, М.Шотабаев, Ж.Тапин, Д.Хамзина, Т.Вицинская орындап шықты. Астанада алғаш рет қойылған тұсаукесер туындыға халық көп жиналды. Еске салсақ, әйгілі "Евгений Онегин" шығармасын қазақтың данышпан ақыны Абай аударып, орысша түпнұсқасынан асыра жазып шыққан еді.

Қойылымды тамашалау барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Үлкен театрының бас директоры В.Уринмен емен-жарқын әңгімелесіп, дастарқан басында сұхбат құрды.

"ҚАЗАҚПАРАТ"