ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: "КАРАНТИН РЕЖИМІ ТАҒЫ ЕКІ АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ"

Уақыты: 13.07.2020
Оқылды: 1906
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді.

- Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы - өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет, - деп жазды Twitter парақшасында Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұқтаж жандарға 42 500 теңге төленетінін жазды.

- Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді, – деді Президент.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"