ПРЕЗИДЕНТ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ІС-ҚИМЫЛДЫ БАҚЫЛАУҒА КЕЛДІ

Уақыты: 08.10.2020
Оқылды: 1181
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ, әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"