ПРЕЗИДЕНТ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТЕТІН ЖАҢА ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Уақыты: 20.12.2020
Оқылды: 1283
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жемқорлықпен күресті күшейтуге бағытталған тағы бір жаңа Заңға қол қойды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Жаңа Заң «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, сондай-ақ, бүгін Қ.Тоқаев персонал беру жөніндегі мәселелерді және Қазақстан аумағынан шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттейтін Заңдарды да бекітті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"