Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАҢА ҚҰРАМДАҒЫ ДЕПУТАТТАР АЛДЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕЙДІ

Уақыты: 10.01.2021
Оқылды: 514
Бөлім: САЯСАТ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру кезінде саяси реформалардың жаңа топтамасы жайында айтты.

«Реформалар дайындалып жатыр. Реформалар тоқтап қалмауы тиіс. 15 қаңтарда Парламентте сөз сөйлеп, оның ішінде, Мәжілістің жаңа құрамына да үндеу жасаймын. Одан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп, онда реформалар мәселесіне қатысты өте байыпты әңгіме болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

"ҚАЗАҚПАРАТ"