ПРЕЗИДЕНТ ҚЫЗУ ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТҚАН ЗАҢ ЖОБАСЫНА ПІКІР БІЛДІРДІ

Уақыты: 22.01.2021
Оқылды: 1127
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғамда қызу талқыланып жатқан «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді.

Желіде жариялаған жазбасында Президент: «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау», - деді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан