"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНДА ҚОС МЕРЕКЕ: БЕЛСЕНДІЛЕРГЕ СЫЙЛЫҚ ТАБЫСТАЛДЫ

Уақыты: 02.03.2021
Оқылды: 1070
Бөлім: МІНБЕР

Алматы облыстық партия филиалының ғимаратында «Nur Otan» партиясының құрылған күніне және Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтіп, саяси ұйымның жұмысын жандандыруға үлес қосқан белсенділер Алғыс хатпен марапатталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Көпшілік «Nur Otan» партиясының тарихына жататын мәліметтермен танысып, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау жолында еңбектенген партия мүшелерінің қажырлы еңбегінің нәтижесіне қанықты.

Салтанатты шараға жиналғандарды 1 наурыз – партия күні және Алғыс айту күнімен құттықтаған «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт осы жылдар ішінде көпшіліктің көңілінен шыққан игілікті істерді паш етіп, партия бағдарламалары арқылы көмек алған жандардың қалай қуанышқа кенелгенін әңгімеледі.

Келесі кезекте былтырғы пандемия кезінде халықтың қажеттілігін өтеу жолында аянбай еңбек еткен белсенділерге Алғыс хат пен арнайы сыйлық табысталды. Атап айтсақ, облыстық басқармалардың мамандары, Ескелді аудандық ауруханасының дәрігері, Мұхтар Арын атындағы арнаулы лицейінің ұстазы марапатталды. Сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 1 наурыз Партия күні және Алғыс айту мерекесіне орай әлеуметтік желіге салынған викториналық сұрақтарға белсенді қатысқан Іле ауданы, Екпінді ауылындағы №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дина Әубәкірова, Райымбек ауданы, Сүмбе ауылының көпбалалы тұрғыны Айдана Байғазиева, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 3-курс студенті Құндыз Дуанаева Алғыс хат иеленді.

Жиын аясында партия қатарына қабылданған мүшелерге билет табысталып, салтанатты шараға қатысушылар естелік суретке түсті.

Мәди ӘСЕТҰЛЫ

Алматы облысы