АЗАТТЫҚТЫҢ АЙШЫҚТЫ БЕЛГІСІ

Уақыты: 11.06.2021
Оқылды: 1638
Бөлім: МІНБЕР

Тәуелсіздік – қастерлі ұғым. Өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мен азаттықтың айшықты белгісі екендігін ұғындыру маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау үшін осы бағытта аянбай еңбек етуге тиіспіз. Әсіресе, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында мемлекеттік маңызы бар жұмыстарды жандандыру керек.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Қазақстанның өткені мен бүгіні, келешегі тұрғысында кеңінен тоқталған.
– Соңғы кезде қазақстандықтардың ел өміріне белсенді араласуға, шешім қабылдау үдерісіне қатысуға ынтасы артып келеді. Менің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамам және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – осы сұранысқа тікелей жауап. Оны Ордабасыдағы, Күлтөбедегі, Ұлытаудағы ұлы жиындардың заманауи үлгісі деуге болады. Біз қазақтың қанына сіңген қасиет – келелі істі ақылдасып бірге шешу дәстүрін жалғастыра береміз, – деген сөзі халық пен билікті жақындатуға жол ашты. «Nur Otan» партиясы да Қасым-Жомарт Кемелұлының барлық бастамасын іске асыру үшін халықпен бірге етене жұмыс жүргізуде. Өңірлерді дамыту, халықты жұмыспен қамту, олардың жалақысын көтеру, өнеркәсіпті өрістету тұрғысында сайлауалды бағдарламасы жасақталып, бүгінде нәтижесін беріп жатыр. 
Талдықорған қаласы бойынша экономикалық тұрақты қала, жайлы қала, әлеуметтік-бағытталған қала, жастарға арналған қала, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз қала атты дамудың жеті бағыты айқындалды. Осы арқылы 1,5 мың жас жұмысқа орналасып, өз ісін ашуға және бизнес жүргізуге арналған несиелер бөлінеді. Нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,5 пайызға төмендейді. Сондай-ақ, мақалада көрсетілгендей «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын аламыз.

Аманжол ЖАЗЫҚБАЕВ,
«Nur Otan» партиясы Талдықорған 
қалалық филиалы  төрағасының
 бірінші орынбасары