ПАРТИЯ ЖАНЫНАН КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ҮШІН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

Уақыты: 05.10.2021
Оқылды: 1520
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясы жанынан құрылған экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Күн тәртібіне сәйкес, алдымен Алматы облысы «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес құрамының мүшелері таныстырылды. Келесі кезекте аталған қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді. Жиынға қатысушылар экономиканы дамыту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағыттарында өз ұсыныстарын білдірді.

Кеңес отырысына облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Аслан Көбентаев, облыстық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес төрағасы Гүлмира Ахметова мен жаңадан құрылған кеңес мүшелері қатысты.

Отырыс барысында кеңес мүшелері тарапынан жоспарланған шараларды тиімді іске асыру мәселелері қаралып, шара сұрақ-жауап алмасып, ұсыныстарды негізге алумен түйінделді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"