"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНДА МЕДИЦИНАДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Уақыты: 18.10.2021
Оқылды: 1413
Бөлім: МІНБЕР

Алматы облысында қоғамдық кеңестердің бірлескен отырысында денсаулық саласының маңызды мәселелері талқыланды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалында өңірді дамыту және ұлт денсаулығы қоғамдық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде өңірдің денсаулық сақтау саласының маңызды бірнеше мәселесі - кардиологиялық, онкологиялық орталықтар мен "Жедел жәрдем" орталығының пандемия уақытында жұмыс жүргізу тәртіптері, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде резонанс тудырған «Талдыкорганец» парақшасында шыққан жарияланым мен облыстық Жол картасының 69.4 пункты – ағымдағы жылы 20 медициналық пункт салу жұмыстары жан-жақты қарастырылды.

Отырысқа облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров, өңірді дамыту қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Виктор Тен, облыстық кеңес мүшелері мен аумақтық партия филиалдарының кеңес төрағалары қатысты.

Отырыста тыңдалған барлық баяндамалар негізге алынып, кеңес мүшелері тарапынан хаттамалық тапсырмалар берілді. Облыстық "Жедел жәрдем" орталығына жаңадан Телеграмм әлеуметтік желісінде ашылған «103 жедел көмек» чат-ботының ашылғаны жайында өңір тұрғындарына ақпараттық хабарландыру жүргізу қажеттілігі айтылса, онкологиялық диспансерге ерте онкологиялық ауруларды анықтау, скрининг өткізу қажеттілігі және толық ақпаратты облыстық филиалға жолдау қажеттілігі сөз болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына ана мен бала өлімі, жалпы кез келген науқастың өліміне қатысты дәрігерлік қателіктерді болдырмау алгоритмін жасау қажеттілігі, Кербұлақ ауданында орын алған қайғылы жағдайға қатысты толық анықтаманы облыстық филиалға 25 қазанға дейін жолдау қажеттілігі ескертілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"