ПАРТИЯ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ БІРНЕШЕ МӘСЕЛЕНІ ҚАРАДЫ

Уақыты: 29.10.2021
Оқылды: 1110
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы білім және ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Cайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында орындалмау қаупі бар білім беру нысандары туралы мәселелер талқыланды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Алматы облыстық партия филиалындағы кезекті отырыста Cайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында орындалмау қаупі бар білім беру нысандары туралы маңызды бірнеше мәселесі қаралды.

Атап айтқанда, үш ауысымды мектептерді жоюға қатысты, жоғары оқу орындарындағы оқу жағдайының жақсаруына және педагогикалық мамандықтарға түсуге қойылатын талаптардың жоғарылауына байланысты жоғары оқу орындарының педагогикалық факультеттеріне оқуға түсуге ынтасын тарта отырып, студенттермен кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы, «Оқу мектебі», «Мектеп пен студенттердің өзін-өзі басқару», «Дебаттар» жобаларын әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, Талғар ауданы, Дәулет ауылындағы №11 мектепте орын алған жағдай туралы (күрделі жөндеу жұмысы бойынша мерзімінен кешіккен) және басқа да мәселелер сөз болды.

Отырысқа облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров, білім және ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Дигай Дамир, облыстық кеңес мүшелері мен аумақтық партия филиалдарының кеңес төрағалары қатысты.

Отырыста тыңдалған барлық баяндамалар негізге алынып, кеңес мүшелері тарапынан хаттамалық тапсырмалар берілді. Салынып жатқан білім беру нысандары мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға мониториг жүргізіп, толық ақпаратты облыстық филиалға жолдау қажеттілігі айтылды. Талғар ауданы, Дәулет ауылындағы №11 мектепте орын алған жағдай туралы толық анықтаманы облыстық филиалға жолдау жайы да ескертілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"