"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНДЕ МАҢЫЗДЫ ЕКІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛАДЫ

Уақыты: 28.02.2022
Оқылды: 1522
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» Саяси кеңесінің қаулысымен партияның кезектен тыс XXII съезінің күн тәртібі бекітілді. Бұл туралы партияның ресми сайты мәлімдеді.

Онда қаралатын мәселелер:

1.Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.

2.«Nur Otan» партиясының модернизациясы.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың Facebook парақшасында (үстінен басыңыз) жазылған.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен «Nur Otan» съезі 1 наурызда өтеді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады.

Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарланып отыр. Съезд онлайн форматта өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"