ЖАСТАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН КҮШЕЙТУ ҮШІН ЖАҢА ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Уақыты: 01.03.2022
Оқылды: 1552
Бөлім: МІНБЕР

Бүгінгі съезд алдағы үлкен өзгерістердің бастамасы деп білемін. Онда партияның толықтай модернизациясы, жаңа бағыт, форматтар күтіп тұрғаны туралы айтылды.

Оның ішінде, ең өзекті мәселе – партияның халық пен билік арасында көпір болуы, халықтың үнін есту арқылы билік тарапынан жасалатын жұмыстардың нақтылығын жүргізу керектігі. Жастарды әлеуметтендіру үшін «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын күшейту керек. Партия жобаларының қатарына ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа жоба қосылды. Ауыл жастарын жұмыспен қамту, қайтарымсыз гранттар беру, тегін курс, семинар өткізу, мемлекттік бағдарламалардың барлығын кеңінен насихаттау бойынша нақты қадамдар жасалады.

Жиында еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға арналған, оларды кәсіп ашып, табысты болуға ынталандыратын кешенді шаралар жүзеге асырылатыны туралы айтылды. Сонымен қатар, еліміздегі ер-азаматтардың, жастардың әскерге деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімін ұлғайту мақсатында «Қайсар» атты жаңа әскери-патриоттық жоба жүзеге асырылатын болды. Ендігі кезекте облыс бойынша кешенді жұмыс жоспарын құрып, жастарға қатысты маңызды мәселелерді шешу жолдарын қарастырамыз.

Еркебұлан  АҚБОЛАТОВ,

«Жас Отан» жастар қанаты Алматы облыстық филиалының төрағасы