ПАРТИЯНЫҢ ОСЫ ЖОЛҒЫ СЪЕЗІ ТҮГЕЛДЕЙ ЖАҢҒЫРУҒА, ЖАҢАРУҒА АРНАЛДЫ

Уақыты: 01.03.2022
Оқылды: 1671
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінің негізгі мақсаты партия жұмысын толықтай жаңғыртуға арналды. Өйткені, партия жұмысының бағытын жүйелі түрде өзгертіп, партия белсенділерінің жұмыс өнімділігін арттыру бүгінгі күннің талабынан туындап отыр.

Әрине, «Nur Otan» партиясы осыған дейін де ауқымды жұмыстар жүргізді. Нәтижелі жұмыстардың арқасында елімізді Орталық Азиядағы көшбасшы елге айналдырды. Бүгінгі съездегі партияның атауын өзгерту бұрын жіберілген қателіктерді қайталамай, Жаңа Қазақстан құрудың талабына үйлесетін бағытқа ауысу.

Партия атының өзгеруі оның болмысын жаңалауға да ықпал ететіндігі анық. Бабаларымыз бізге Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейінгі ұлан-ғайыр жерді қалдырды. Мыңжылдықтардың ар жағынан бастау алатын бай тарихымызды бүгінге жеткіздік. Сонымен қатар, елдік мұратымызды, ұлттық мұрамызды, бірліктің, татулықтың дәстүрін ұрпаққа табыстады. Осы ел мен осы жерді бізге ата-бабаларымыз аманат етіп тапсырды. Ендеше, біз бабалар аманатына адалдық танытып, өзімізге жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, ел келешегін кейінгі ұрпаққа табыстауға күш салуымыз керек.  

Съезде депутаттық фракция мүшелерінің жұмысын жандандыру, халықпен, әсіресе, шалғай елді мекен тұрғындарымен жиі жүздесіп, орын алған мәселелерді сол жергілікті жердің жағдайына қарай шешіп, партияның сайлауалды бағдарламасында халыққа берген уәденің нақты орындалуын қадағалап, сөзбен емес, іспен жұмыс атқарудың бағдары да айқындалды. Өз басым осы съезде халықпен тікелей жұмыс істеу керектігін толық сезіндім. Алдағы уақытта осы сенімнен шығу үшін барынша талпынып қызмет етемін!

Алмасбек НҰҒМАН,

Кеген аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Алматы облысы