ЖАҢҒЫРҒАН ПАРТИЯ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРІП ЖАТЫР

Уақыты: 02.03.2022
Оқылды: 1389
Бөлім: МІНБЕР

Кешегі съезде партияның қайта құру бағдарламасының ұсынылуымен қатар оның жаңа менеджері – атқарушы хатшы Асхат Ораловтың таныстырылуы да назар аударар дүниенің бірі болды. Бұл оның үлкен саяси аренадағы алғашқы сөз сөйлеуі еді. Бұдан қандай ой түйіндейміз?

Біріншіден, ол жұмысқа белсене кіріскенін ғана емес, аз уақыттың ішінде партия мүшелерін жаңа күн тәртібіне бағдарлай білгенін көрсетті. Расында, мұндай трансформациялық бағдарлама сияқты күрделі құжатты сапалы дайындау үшін, ең алдымен, партияның топтасуы қажет.

Екіншіден, ол трансформация бағдарламасын қоғамның басты қажеттіліктері – адалдық пен әділеттілік, жауапкершілік, тиімділік пен ашықтыққа негіздей білді.

Үшіншіден, оның сөз сөйлеу мәнері қалыптасқан, қазақша әрі орысша еркін сөйлейтіндігін байқатты. Бір сөзбен айтқанда, партияның жауапты хатшысы оған жүктелген сенімнің ақталғанын көрсетті. Бірақ бұл оның жетістігі емес, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кадрлық саясатының нәтижесі дер едім.

Нұржан РАҚМЕТҚАЗЫНОВ,

Қаратал ауданы жастар ресурстық орталығының жетекшісі,

Қаратал аудандық мәслихат депутаты

Алматы облысы