"AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ЖАСТАР КӨП ҚАБЫЛДАНУЫ ТИІС

Уақыты: 04.03.2022
Оқылды: 1370
Бөлім: МІНБЕР

Халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптасты. Партия атауының өзгергені дұрыс. Бұл - уақыт пен халық талабы. Себебі, халық тарапынан көптеген ұсыныстар болды. Оны әлеуметтік желіден, баспасөз беттерінен, телеарналардан көріп жүрміз.

Қазақта «Аманатқа қиянат жасалмайды» деген жақсы сөз бар. «Amanat» атауының өзі әрқайсымызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Еліміздің әрі қарай дамуына, экономикамыздың жақсаруына ықпал ететін сенімді қадам деп ойлаймын.

Партия халыққа жақын болуы тиіс. Партия халыққа жақын болуы керек. Өйткені, олардың мұң-мұқтажы, өтініш-тілегі бар. Мемлекет - халыққа қызмет жасайтын құрылым. Халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғары дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Сонымен қатар, жаңа атауға ие болған «Amanat» саяси партиясының құрамында жастар көп болғаны абзал. Бүгінгі күні белгіленген басымдықтарға жастар да атсалысуы керек. Біріншіден, олар тәжірибе жинақтайды, екіншіден, алға қойған мақсаттар нәтижелі болады, үшіншіден, елдің дамуына үлкен үлес қосады деп есептеймін.

Меруерт БОДАУБЕКОВА,

Қаратал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бас инспекторы

Алматы облысы