ПРЕЗИДЕНТ ПРОБЛЕМАЛАРМЕН КҮРЕСУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІКТЕРІН ҰСЫНДЫ

Уақыты: 17.03.2022
Оқылды: 1404
Бөлім: МІНБЕР

Мемлекет басшысы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты кезекті Жолдауын жариялады.

Сындарлы өзгерістер мен эволюциялық жаңғыру ғана қиындықтарды еңсеріп, елдің тұрақты дамуына өз ықпалын тигізеді. Сондықтан, мен  Аmanat партиясының атқарушы хатшысы ретінде Президент реформалары мен жаңаруға бастаған бағытын қолдаймын.

Жолдауда айтылған экономикалық реформалар, ең алдымен, елдің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Президент өз Жолдауында жүйелі проблемалармен күресудің тиімді тетіктерін ұсынды. Ел экономикасын дамытып, қоғамдық келісімді нығайту үшін саяси бастамалардың маңызы өте зор деп есептеймін. Оны жүзеге асыру үшін күш біріктіргеніміз дұрыс.

Әріптестерімді Президендіміздің жүйелі және кең ауқымды реформаларын қолдауға шақырамын. Осылайша, Мемлекет басшысының реформалары аясында партия өзгерістерді өзінен бастап, ауқымды міндеттерді қолға алады. Біз реформалар бағытына балама жоқ екеніне сенімдіміз. Жаңару мен жаңғыруға даңғыл жол ашатын саяси өзгерістер мен әлеуметтік әділеттілік бұл азаматтардың өтініштеріне дер кезінде берілген жауап. Біз бірлік пен ынтымаққа топтаса отырып, жаңа Қазақстанды құрамыз. Жолдауға қолдау білдіреміз.

Алмас БАЙҒОНЫСОВ,

"Amanat"  партиясы Қаратал аудандық филиалының атқарушы хатшысы

Алматы облысы