"AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Уақыты: 23.03.2022
Оқылды: 1927
Бөлім: МІНБЕР

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиа­лының актив жиналысы өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында айтылған міндеттерді орындау барысы талқыланды.

Алқалы жиынды аш­ып, жүргізіп отыр­ған облыстық пар­тия фи­лиалының ат­қа­ру­­шы хатшысы Гүл­нар Тойлыбаева партия ак­ти­віне Саяси кеңес мү­ше­лері, мәслихат депутат­тары, аудандық, қалалық пар­тия филиалдарының төрағалары және ат­қарушы хатшылары, «Jas Otan» жастар қана­ты, бас­тауыш партия ұйым­дарының төрағалары және бұқаралық ақпарат құ­рал­­дарының өкілдері шақы­рылғанын, жиынға 22 адам тікелей, 112 адам он­лайн форматта қатысып отырғанын жеткізді. Одан соң Президенттің өз өкі­леттігі кезінде партияға мүше болуын тоқтату мін­детін заңнамалық тұрғыдан ресімдеуді, әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарындағы қызметіне тыйым салуды ұс­ын­уы «AMANAT» партия­сының жұмысына кедергі келтірмейтінін, керісінше, партия мүше­леріне жауапкершілік  күше­йетінін алға тартқан модератор аталған мәселе заң аясында  жүзеге асаты­нын атап өтті.

Жиында облыстық мәслихат хатшысы Жан­болат Жөргенбаев, партия­ның Саяси кеңес мүшесі, облыстық депутат­тық фракция мүшесі Гүл­мира Ахметова, облыс­тық партия филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төр­ағасы Еркебұлан Ақ­болатов, облыстық партия филиалының Саяси кең­ес мүшесі, облыстық мәс­ли­хат депутаты Римма Салы­қова кезекпен сөз алып, күн тәртібіне көтерілген мәселенің маңыздылығына тоқталды.

Көпшілікті ал­да ­келе жатқан Нау­рыз ­мерекесімен құт­тық­та­ған облыстық пар­тия филиалының ат­қару­шы хатшысы Гүл­нар Тойлы­баева ау­дан­дық, қалалық партия фи­лиал­дарының хат­шыларына Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт То­қаев­тың Жолдауын ке­ңі­­нен насихаттау, пар­­тия жанындағы қоғам­дық кеңестердің құра­мын жаңарту сынды міндет­терді тапсырды.

Мәди ӘСЕТҰЛЫ

Алматы облысы