АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ: МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДАМУЫ

Уақыты: 01.10.2024
Оқылды: 218
Бөлім: МІНБЕР

2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, ол еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдаудағы шешуші кезең болады. «Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл — «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат.

АЭС құрылысы тек энергетикалық және экологиялық міндеттерді шешіп қана қоймай, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Мысалы:

  1. Жобаны іске асыру кезеңінде 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылса, станцияның жұмысы кезінде 2 мың адам жұмыспен қамтылады;
  2. Атом электр станциялары тұрақты және тәулік бойы энергия өндіруді қамтамасыз етеді;
  3. Атом электр стансасы 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді;
  4. Атом электр станцияларының ұзақ мерзімді жұмысы тұрақты жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады;
  5. Атом электр станциялары су тасқыны, 9 баллға дейінгі жер сілкінісі сияқты табиғи апаттарға төтеп бере алады.

Сондықтан да біздің ортақ шешіміміз мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына әсер етеді!

 

Қамбарбек Сайранбеков,

Жетісу облыстық мәслихатының депутаты.

Фото: Freepik