"Миллиард ақша айтыс пен көкпарға бөлінсін": Нұрлан Қоянбаев спорт саласын сынады

Уақыты: 10.10.2024
Оқылды: 253
Бөлім: МІНБЕР

Белгілі кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев ешқандай нәтиже көрсетпейтін, үнемі жеңіліс табатын спорт салаларына тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі мемлекет бюджетінен миллиардтап ақша алатын команданың ойындары нәтижесіз екенін айтты. 

“Барыс” командасы неше жыл бюджеттен ақша алып келе жатыр?! Неге журналистер осыған мән бермейді? Команда ешқандай нәтиже көрсетпейді. Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Еліміздің бюджетінен ең көп ақша алатын команда 1-10 болып ұтылып қалды. Айтыс пен көкпарға миллиард ақша бөлінсін. “Астана” велокомандасы да жыл сайын бюджеттен ақша алады. Құрамада бір қазақ жоқ, не нәтиже жоқ”, – деп ашынды кинопродюсер. 

Еске салайық, министр футбол мен хоккейге бөлінетін бюджет қысқаратынын мәлімдеген еді. 

"Бізде футбол, хоккей спорттарында арнайы лимиттер бар. Ол жерде де қазір дене шынықтыру және спорт бағытындағы заңнамамен жұмыс атқарып жатырмыз. Бұл жерде біз қазір лимиттер мәселесін көтерудеміз. Кейбір өңірлерде 1-2 миллиардтан асырмау мәселесі бар. Бірақ көп өңірлер ол шектеуді бұзады. Сондықтан біз қазір футболға, хоккейге қандай бюджеттік лимиттер орнатамыз деп қарап жатырмыз", – деген еді министр.

Фото: academy.kz