Айтыскер үйленбей жүрудің күнә екенін айтты

Уақыты: 04.11.2024
Оқылды: 358
Бөлім: МІНБЕР

Танымал айтыскер ақын, дінтанушы Мұхамеджан Тазабек үйленбей жүрген адамдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасындағы видеода айтты.

“Егір сіздің денсаулығыңыз ұрып тұрса, жасыңыз жетіп тұрса, басыңыз бостандықта болса, қаржы-қаражатыңыз жеткілікті бола тұра үйленбеу, ол – күнә. Себебі ғұламалардан қалған “Бір адамның осыншама бүкіл жағдайы бола тұрып үйленбесе, ол не ауру, не күнәһар” деген сөз бар. Сондықтан жағдайыңызға қараңыз.

“Ал енді жағдайыңыз жартылай болса, сәл сабырмен күтуге тура келеді. Ал үйленуге денсаулығыңыз мүлдем жарамаса, бір адамның тағдырын қор қылатындай болсаңыз, онда сабыр қылып, Алладан сұрап, денсаулығыңыз түзелгенше, біреуді асырауға мүмкіншілігіңіз жеткенше сабыр қыласыз”, - деді Мұхамеджан Тазабек.