ЕЛБАСЫ СЪЕЗД ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Уақыты: 27.02.2019
Оқылды: 1241
Бөлім: МІНБЕР

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында "Нұр Отан" партиясының кезекті съезі басталды. Съезд жұмысын Қазақстан Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ өзінің құттықтау сөзімен ашты.

Жиында тарихи шешімдер мен жаңа құжаттар қабылданбақ. Сондай-ақ, съездегі барлық шешім ашық дауыс беру арқылы шығарылады деп күтілуде. Бұған дейін жазғанымыздай, съезде партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2030 жылға дейінгі бағдарламасы кеңінен талқыланады.

Кеше панельдік сессия кезінде «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданған болатын. Онда мынадай он мақсат нақты көрсетілген:

1 мақсат: ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫНЫҢ БАҚУАТТЫЛЫҒЫ.
2 мақсат: ӘРБІР АДАМ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАШАҚ БІЛІМІ.
3 мақсат: САЛАМАТТЫ АДАМДАРДЫҢ ҚУАТТЫ ҰЛТЫ.
4 мақсат: ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА.
5 мақсат: ДАМЫҒАН БИЗНЕС - ҚОҒАМНЫҢ БАҚУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ.
6 мақсат: АЗАМАТТАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІР СҮРУІ ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАУ.
7 мақсат: АЗАМАТТАРДЫҢ МҮДДЕСІН БІЛДІРЕТІН ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ.
8 мақсат: ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ҚОҒАМЫ.
9 мақсат: ЖАСТАР – ЗОР МҮМКІНДІКТЕРГЕ ИЕ ҰРПАҚ.
10 мақсат: «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ.

Қазір Астана төріндегі партия жиынының басталғанына жарты сағаттан аса уақыт өтті.

Олжас СӘНДІБЕК,

"Жетісу"

Астана