ЕЛБАСЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА КӨҢІЛ БӨЛУДІ ТАПСЫРДЫ

Уақыты: 27.02.2019
Оқылды: 1246
Бөлім: МІНБЕР

Бюджеттің 40 пайыздан астамы әлеуметтік салаға жұмсалады. Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ осылай деді.

- Республикалық бюджеттің 40 пайыздан астамы әлеуметтік салаға жұмсалады. Мен Ұлттық қордан халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қаржы бөлу туралы шешім қабылдадым. Үкімет осы шығындарды дұрыс әкімшілендіру керек. Көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту керек. Бүгінде елімізде 340 мыңға жуық отбасында 4 баладан артық бала бар. Жыл сайын көпбалалы отбасыларға 500 млрд. теңгеден артық бөлінеді. Бұл отбасылардың кірісі әртүрлі деңгейде. Оларға көмек көрсетуде табыс деңгейіне қарау керек, - деді Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде көп кіріс кіретін және айлығы төмен отбасыларға мемлекет бірдей көмек көрсетпеуі тиіс екендігін алға тартты. "Сондықтан, ең алдымен, мемлекет табысы төмен көпбалалы отбасыларға мән беру керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Олжас СӘНДІБЕК

Астана