"NUR OTAN": ПАРТИЯ АТАУЫ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ АУЫСТЫ

Уақыты: 27.02.2019
Оқылды: 1365
Бөлім: МІНБЕР

Съезде партияның латын қарпіндегі жаңа логотипі көрсетілді. Логотиптегі атауды партия Төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ өз қолымен жазған. Күндегі 17 шапақ 14 облыс пен маңызы ерекше 3 қаланы білдіреді.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев экраннан «Nur Otan» деп латын әріптеріне өзгертілген логотипті көрсете отырып: "Соңғы бес жылдың ішінде заңнамалық өзгерістер мен жаңа тәжірибелерге сәйкес, партия жарғысына кейбір нормаларды енгізу қажеттігі туындап отыр. Ең алдымен, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты партияның мемлекеттік тілдегі атауында латын әріптерін қолдану ұсынылуда», - деді.

Олжас СӘНДІБЕК

Астана