ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ ОБЛЫСТЫҢ 6 МЫҢНАН АСА ТҰРҒЫНЫНА ҚОЛ ҰШЫН СОЗДЫ

Уақыты: 22.04.2020
Оқылды: 982
Бөлім: МІНБЕР

Алматы облысы бойынша «Bіrgemіz Jetіsý» қоғамдық қоры құрылып, қамқоршылық кеңесі, штаб мүшелері бекітіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Biz Birgemiz» республикалық акциясы бойынша «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы, партияның аймақтық және аумақтық филиалдары, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілері партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобалары аясында партия мүшелерінің, әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының қолдауымен 73 620 825 теңгеге арнайы азық-түлік және жеке гигиена заттарын сатып алды.

Облыс көлемінде 6 мың 137 адамға көмек көрсетті.

Республикалық «Bіrgemіz» қорынан Талдықорған қаласындағы мұқтаж 3 мың 361 азаматқа көмек көрсету мақсатында облыстық «Bіrgemіz Jetіsý» қорына 168 050 000 теңге қаражат түсті. 7 санат бойынша Талдықорған қаласының тұрғындары қаржылай көмекті толығымен алды. Екінші толқын бойынша Талдықорған қаласындағы 6 мың 551 мұқтаж адамға 50 мың теңгеден жалпы 327 550 000 теңге қаржы аударылады.

Қоғамдық қабылдау бөлмелері, партиялық бақылау комиссиясы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 19 наурыздан осы уақытқа дейін партия филиалдарына 2 мың 987 өтініш түсіп, оның ішінде 2006 өтініш оң шешімін тапты. Call орталыққа 1087 азамат хабарласты. Олардың сұрақтарына толық жауап берілді.

Аудандық, қалалық партиялық бақылау комиссиясы жергілікті жердегі сауда орындары мен дүкендердегі азық-түлік бағасының тұрақтылығына үнемі мониторинг жүргізіп келеді. Төтенше жағдай кезінде енгізілген қаулы бойынша ойын-сауық кешендері, кафе, тағы басқа нысандардың түнгі сағат 22:00-де жұмысының тоқтатылуын тексереді.

Мұндай шаралардың барлығы халықтың амандығы үшін атқарылады. Сондықтан да, тәртіпке бағынып, сақтық шараларын тиянақты орындауға тырысайық.

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі