Құрметті Алматы облысының тұрғындары! 2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертті, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы - адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы бір дәлелдеді.
Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.
Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру, біздің облысты өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күш-жігерін салады. Біз бұған қалай қол жеткізуге болатынын нақты білеміз!
БІЗДІ ОРТАҚ МАҚСАТ - ӘР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫ БІРІКТІРЕДІ.
Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Ол үшін біз жүйелі партиялық қайта жүктеуді және партия ішіндегі ашық сайлауды – праймериз өткіземіз.
Партия барлығы үшін ашық! Біз Сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.
Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!
Біздің аймақты одан әрі дамыту жөніндегі Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды!
Біз біргеміз!
Жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар
Әлемдік коронавирустық пандемия біздің еліміздегі экономикалық жағдайға жағымсыз әсер етті, сондықтан 2020 жылы мемлекет дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі.
Карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетілді:
– мәжбүрлі демалыстағы қызметкерлерге 42,5 мың теңгеден төленді (наурызда – 212,6 мың, сәуірде – 248,9 мың, мамырда – 204,1 мың, шілдеде-339,8 мың.);
-Халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарынан 117 мың адам азық-түлік-тұрмыстық жиынтығына арналған төлем алды;
- 13,9 мың аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 1-6 жас аралығындағы 19 мың балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілді.
60 мың адамның коммуналдық шығындары өтелді.
Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 26,2 мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттерін жеткізді, 40,2 мың адам 50 000 теңгеден алды.
Тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнеске дағдарыс жағдайында елеулі қолдау көрсетілді:
- Жалпы сомасы 9,7млрд теңге болатын 135 жоба Бизнестің жол картасы аясында субсидиялау және кепілдендіру түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды;
- Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберіндегі жобаларға 109,2 млрд. теңге бөлінді, бұл 22,8 мың жаңажұмыс орнын құруға мүмкіндік береді;
- коммуналдық меншік 694 нысанына 3 айға жалдау ақысы алынып тасталды;
- ТЖ кезеңінде кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізілді;
- зардап шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын орта бизнес кредиттері бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін кейінге қалдыру енгізілді;
- құрылыс секторында облигациялар шығару есебінен 116 үйдің құрылысына шамамен 10,4 млрд. теңге қарастырылды.
ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҒЫ
«Nur Otan» партиясы облысты дамытудың осы 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ АЙМАҚ
«Nur Otan» партиясының бағдары экономиканың басым салаларын: өнеркәсіпті, агроөнеркәсіп кешені мен туризмді дамыту болып табылады.
Жалақысы лайықты жаңа жұмыс орындарын құрамыз
Алматы облысы транзиттік және туристік әлеуеті жоғары агро-индустриялық өңір болып табылады.
Covid-19 пандемиясы жағдайында өнеркәсіптік және аграрлық секторлардың тұрақты жұмысының арқасында өңірде экономиканың шығындары мен жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығуына жол берілмеді.
Келешекте өнеркәсіпті дамытуда отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударылатын болады.
Бұл 134 мыңнан астам жұмыс орнын құруға (жыл сайын орта есеппен 26 мыңға жуық) және орташа жалақы мөлшерін 136 мыңнан 174 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге жетуге ықпал ететін болады:
Тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеміз
COVID-19 жағдайы еңбек нарығына түзетулер енгізді, жұмыспен қамту және халықтың табысы саласындағы белсенділікті айтарлықтай әлсіретті. Біліктілігі төмен және тұрақсыз жұмыс істейтін жұмысшылар: даяшылар, жүк тиеушілер, тазалаушылар, сатушылар, ас үй жұмысшылары және басқалар ең көп зардап шекті.
Бұл ретте жұмыссыздық көрсеткіштері тұрақты болып қалуда (4,8%).
Облыста жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты жыл сайын білікті жұмыс күшіне сұраныс артып келеді. Бүгінгі таңда 4715 ашық бос жұмыс орны бар.
Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен 65 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарлануда, олардың үштен бірі (22,8 мың адам) «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде орналасады.
«Nur Otan» партиясы әркімнің өзі мен отбасы үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алуы үшін тұрақты жұмыс орындарының санын ұлғайтуға қол жеткізеді.
Ол үшін «Nur Otan» партиясы:
Бұл тек өндірісте ғана емес, әлеуметтік салада (білім беру, денсаулық сақтау) кадрлар тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
Ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз
Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты толықтыру мәселелері ерекше маңызды және өзекті болып отыр. Облыстың ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауашаларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады.
Бүгінгі таңда 78% немесе 1,6 млн адам ауылдық жерлерде тұрады.
Өңірде мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
«Nur Otan» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту міндетін қойып отыр.
Бұл үшін біз төмендегілерге қол жеткіземіз:
Осы және басқа да шаралар 2025 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға, еңбек өнімділігін 2 есеге 4 млн.теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Туризмді дамытуды қолдаймыз
Туризм - COVID-19 пандемиясына байланысты өңір экономикасының ең көбірек зардап шеккен саласы. Сонымен қатар, басқа елдермен шекараны жабу ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік берді.
Пандемиядан шығу жағдайында ішкі туризм экономикалық локомотивтердің бірі бола алады.
Ең танымал туристік объектілер Шарын шатқалы, Көлсай және Қайыңды көлдері, Айғайқұм, Үлкен Алматы көлі, Таңбалы петроглифтері, Әулиеағаш, Жаркент мешіті болып табылады.
Туризмді дамыту әлеуетін пайдалана отырып, жыл сайын туристер ағынын 2-ден 3,5 млнадамға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:
Кәсіпкерлерге қолдау көрсетейік
Шағын және орта бизнесті дамыту өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Облыста аталған бағытта оң серпін байқалады: 5 жылда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27% - ке артты, облыстың жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі 26,9% - тен 33,6% - ке дейін өсті.
Бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингі бойынша облыс кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін жағдай жасау бойынша үздік өңірлер үштігіне енді.
Алайда, КОВИД-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті, олар өңір экономикасының 46% - ке жуығын құрайды.
Төтенше жағдай кезінде облыс аумағында 75 мыңға жуық адамы бар 32 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін тоқтатты.
Партия неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіріп қана қоймай, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану мен «Атамекен» ҰКП-мен ынтымақтастық арқылы жаңа субъектілер құру үшін жағдай жасайтын болады.
«Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:
Бұл шаралар 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 140 мың бірлікке дейін (2019 жылы – 122,4 мың бірлік), ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 300 мың адамға дейін (2019 жылы – 258,8 мың адам) ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2. ҚОЛАЙЛЫ АЙМАҚ
«Nur Otan» партиясы елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдеседі.
Облыста 732 ауыл бар, оның ішінде 151-і жоғары даму әлеуеті бар тірек ауылдар.
Жол сапасын жақсартамыз
Жол - әр өңірдің тіршілігінің негізгі күретамыры.
«Nur Otan» партиясының мақсаты - автомобиль жолдарының сапасын арттыру және 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 81% - тен 87% - ке дейін жеткізу.
Алдағы бес жылда автожолдардың сапасын кезең-кезеңмен жақсарту үшін партия төмендегілерге қол жеткізетін болады:
Нәтижесінде 118 ауылдық елді мекенде 472 мың адамды қамти отырып, автомобиль жолдарының сапасы жақсарады.
Таза ауыз сумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз етеміз
Қала халқының 97% - і және ауылдық елді мекендердің 90,7% - і орталық сумен қамтамасыз етілген.
«Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай облыс тұрғындарын, оның ішінде 679 ауылдың 1,5 млн. тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, облыста 1,1 млн.тұрғыны бар 144 елді мекен газдандырылды, газдандыру деңгейі 30%-ті құрайды.
Сумен және газбен жабдықтау мәселелерін шешу үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:
Нәтижесінде, халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуі қалаларда – 98%-ті(473,2 мың адам), ауылдарда – 92%-ті (1475,0 мың адам)құрайды. Газға 1,6 млн. тұрғын қол жеткізе алады, елді мекендерді газбен қамту деңгейі 54% - ке жетеді.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық желілерін жөндейміз
Облыс тұрғындарының қолайлы тұрмысы үшін «Nur Otan» партиясы халықты су бұрумен, жылумен жабдықтау және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелерін шешетін болады.
3566 көп қабатты тұрғын үйдің 1897-сі немесе 53,2%-і жөндеуді қажет етеді.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:
Экологиялық жағдайды жақсартамыз
Экологиялық салауаттылық - жайлы және қауіпсіз өмір сүрудің маңызды факторы. Біз оларды халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде қарастыра отырып, экологияға инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға қол жеткіземіз.
Сонымен қатар, өңір тұрғындары қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесуі қажет және өндіріс пен тұрмыста таза экологиялық технологияларды енгізуді қолдауы тиіс.
Ол үшін алдағы бес жылда «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:
Өмір сүру жағдайын жақсартамыз
«Nur Otan» партиясы тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау арқылы отбасы институтын нығайту қажет деп санайды.
Облыста тұрғын үй алуға кезекте 50 664 адам тұр.
Облыста тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі 19,1 шаршы метрге дейін жақсарды. «Nur Otan» партиясы бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 20,9 шаршы метрге дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.
Ол үшін біз төмендегідей міндет қоямыз:
3. ӘЛЕУМЕТТІК-БАҒДАРЛАНҒАН АЙМАҚ
Азаматтардың әлеуметтік әл – ауқаты - бұл өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші.
Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы облыс тұрғындарының өмір сүру жағдайларын арттыруға күш саламыз.
Медициналық қызмет көрсету сапасын арттырамыз
COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне елеулі сын-қатер болды. Бұл бағытта біз атқаратын жұмыстар жеткілікті.
Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Коронавирустық инфекциямен күресу кезінде жинаған тәжірибе жұмыста қолданылады.
Облыста 241 дәрігердің, оның ішінде тар шеңберлі мамандардың тапшылығы байқалады.
Бұдан басқа, 284 медициналық мекеме немесе 44%-і бейімделген және жалға алынған үй-жайларда орналасқан, 135-і күрделі жөндеуді қажет етеді, медициналық ұйымдардың тозуы орта есеппен 57%-ті құрайды.
«Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматтың денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаға тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз етуді қолдайды.
2025 жылға дейін емханалардың 20 минуттық, дәрігерлік амбулаториялардың 10 минуттық қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Nur Otan» партиясы төмендегілерді қамтамасыз етуді жоспарлайды:
2 ауылдық аурухана (Ақсу ауданы Қапал ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылы);
17 дәрігерлік амбулатория (Ақсу ауданының Сағабүйен ауылы, Арасан ауылы, Суықсай ауылы, Ақсу ауылы, Құрақсу ауылы, Еңбекшіқазақ ауданының Байсейіт ауылы, Бөлек ауылы, Қызылжар ауылы, Ават ауылы, Азат ауылы, Асы-Саға ауылы, Космос ауылы, Май ауылы, Жамбыл ауданының Ақтерек ауылы, Қарасай ауданының Іргелі ауылы, Кеген ауданының Ә. Нүсіпбеков ауылы, Көксу ауданының Мәмбет ауылы);
12 фельдшерлік-акушерлік пункт (Алакөл ауданының Қамысқала ауылы, Еңбекшіқазақ ауданының Ақтоған ауылы, Толқын ауылы, Көлді ауылы, Ескелді ауданының Өрқусақ ауылы, Іле ауданының Әли ауылы, Көсу ауданының Ақшатоған ауылы, Еңбекшіқазақ ауылы, Талапты ауылы, Кеген ауданының Қарқара ауылы, Райымбек ауданының Қаратоған ауылы, Талас ауылы);
13 медициналық пункт (Ақсу ауданының Тарас ауылы, Еңбек ауылы, Молалы ауылы, Ащыбұлақ ауылы, Егінсу ауылы, Баласаз ауылы, Алакөл ауданының Қайнар ауылы, Өрнек ауылы, Еңбекшіқазақ ауданының Күш ауылы, Жаңашаруа ауылы, Қаратал ауданының Жылыбұлақ ауылы, Райымбек ауданының Көмірші ауылы, Жаңатекес ауылы), Талдықорған қаласының облыстық кардиологиялық орталығына жапсаржай салу, Талдықорған қаласында 150 келушіге арналған емхана салу, перзентханаға жапсаржай салу, Талдықорған қаласында 150 келушіге арналған емхана, Іле ауданының ШЖҚ МКК жанында 125 төсектік перзентхана бөлімшесін салу;
Бұл шаралар жалпы өлім-жітімді 1000 адамға шаққанда 6,55-тен 6,40 жағдайға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Білім сапасын жақсартамыз
Білім берудің барлық деңгейлерінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету облысты одан әрі дамытудың маңызды шарты болып табылады.
КОВИД-19 пандемиясы білім беру тәсілін өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес шеңберінде мектептердің 416,8 мың оқушысы және ТжКБ жүйесінің 26,7 мың студенті қашықтықтан оқытудың жаңа форматына көшті.
Облыста 822 балабақша, 760 жалпы білім беретін мектеп, 76 колледж және 2 жоғары оқу орны – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, С.Демирель атындағы университет жұмыс істейді.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98,4% - ті құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 81% - ке дейін ұлғайды.
2014 жылдан бастап жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталған мектептердің үлесі 43,7% - тен 47,7% - ке дейін өсті.
Алайда, жоғары демографиялық белсенділік пен көші-қон ағымының салдарынан оқушылар контингенті жыл сайын 20 мың балаға ұлғаюда. Қазіргі уақытта облыста 38 үш ауысымды мектеп жұмыс істейді.
146 мектеп немесе жалпы санының 19,2%-і бейімделген ғимараттарда орналасқан.
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы төмендегідей міндеттер қойып отыр:
Нәтижесінде ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі24% - тен 35% - ке дейін артады.
Тең мүмкіндіктер жасаймыз
Өңірде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісізорта жағдайлары жасалуда. 1771 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны немесе 83,6%-і паспортталды және ішінара бейімделді.
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 8,3 есеге артты (8,2% - тен 67,9% - ке дейін), балаларды инклюзивті біліммен қамту 10 есеге артты (225-тен 2366-ға дейін немесе 10%).
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:
Бұқаралық спорт үшін жағдай жасаймыз
Алдағы бес жылда Партия өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты спортпен жаппай айналысуға тартуға баса назар аударатын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:
Бұл халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз еу көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 55% -тен 65% - ке дейін жақсартуға мүмкіндік береді.
4. ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚ
Жастар - ел болашағы. Жаңа ұрпақ мемлекетіміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс.
Алматы облысында жастардың табысты әлеуметтенуі, жастардың әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
Жастардың патриоттық тәрбиесіне, бос уақытын ұйымдастыруға, рухани-адамгершілік, азаматтық-құқықтық және дене шынықтыру деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізуді жалғастырып келе жатқан21 жастар ресурстық орталығы (1 облыстық, 20 аудандық және қалалық) жұмыс істейді.
Жастар ресурстық орталықтарының жанында Волонтерлікті дамыту орталықтары жұмыс істейді.
Жастармен жұмыс барысында әлеуметтік лифтілер құруға, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге, жұмысқа орналастыруға, білім беруге баса назар аударылатын болады.
Жастар жұмыссыздығын 3,0% - тен 2,5% - ке дейін төмендету міндеттері қойылды.
«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай Партияның міндеті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастарды жұмыспен қамту, олардың шығармашылық және іскерлік тұрғыда өз бағытын табуы үшін жағдай жасау, қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешу болып табылады.
Бұл үшін біз төмендегілерге ықпал етеміз:
5. ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ БАЙ АЙМАҚ
Халық бірлігі мен қоғамдық келісім - Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы.
«Nur Otan» партиясы мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді қолдайды.
Бүгінде Алматы облысында 105-тен астам ұлт өкілдері тұрады, 71 этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді.
558 мәдениет және өнер ұйымдары халықтың бос уақытын ұйымдастыру және өткізу үшін, ең алдымен балалар мен жастар, зейнеткерлер көп келетін орынға айналды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру жұмыстарын жалғастырамыз.
Өңірде жыл сайын онлайн қарауды ескере отырып, 6 млн. адамды қамтумен 60 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге жетуге ықпал ететін болады:
6. АШЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР
Облыста 170 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 141 қызмет немесе 82,9%-і автоматтандырылған.
Жер қатынастары және сәулет саласындағы 21 мемлекеттік қызметті, сондай-ақ білім мен спорт саласындағы 12 мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталуда.
Алматы облысының табысты дамуының кепілі проблемаларды шешу үшін мүдделері ортақ бірлескен азаматтардың белсенділігі болып табылады.
Бізге жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есептілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс.
Бұл үшін "Nur Otan" партиясы төмендегілерге жетуге ықпал ететін болады:
7. ҚАУІПСІЗ АЙМАҚ
Алматы облысы барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін өңірге айналуы тиіс.
«Nur Otan» партиясы құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын қамтамасыз ету деңгейін арттыруға жәрдемдесетін болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:
Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
Біздің партия Алматы облысы халқының үміттеріне сай болуы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғап, халық пен билікті байланыстыратын буын болады.
Біздің мақсатымыз – қазақстандықтардың өмір сапасын үнемі жақсарту.
Біз сіздерді облыстық мәслихат сайлауында дұрыс таңдау жасап «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз!
Біздің бағдарламамыз Алматы облысын кешенді дамытуға бағытталған. Біз өз аймағымызды әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикасы және адамдарға жайлы өмір сүруге арналған аумағы бар қарқынды дамып келе жатқан аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынамыз.
Біз өз ойларымызды алмасуға, сондай-ақ барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен біздің облыстың дамуы мен өркендеуі үшін кең ынтымақтастыққа дайын екенімізді және ашықтығымызды жариялаймыз.
«NurOtan» партиясы, елдің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың біртұтастығына, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының жақсаруына жұмыс істеуді жалғастырады.
Біз алдымызға сіздердің сенімдеріңізді ақтау міндетін қоямыз.
Біз бірге облыстың әрбір тұрғыны жайлы тұрмыс үшін, даму және өзін-өзі көрсете алу үшін бәрі де мүмкін болатын қолайлы қоғам құрамыз.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"