ҚАЗІР ҚОҒАМДА NEET ЖАСТАР КӨБЕЙДІ. МҰНЫҢ СЕБЕБІ МЕН САЛДАРЫ НЕДЕ?

Уақыты: 26.10.2020
Оқылды: 1637
Бөлім: МІНБЕР

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мұны ескерген кез келген мемлекет жастар саясатын жүйелі жүзеге асырады. «Жасыңды көрсет, болашағыңды баяндайын» деген де тәмсіл бар. Жастар алымды да қарымды, қабілеті мен білімі жарақты болғанда ғана елдің келешегі жарқын.

Жастарды қоғам өміріне етене араластыру қай кезде де бар. Сол үрдістен танбай «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Ақсу аудандық филиалы ғимаратында белсенді жастар «Жастар – ел келешегі» тақырыбында кездесу өткізді. Жиынға партиялық кадрлық резервке қатысушылар Р.Ибраймова, С.Сымханов "Jas Otan" жастар қанатының мүшелері қатысты. Олар таразылаған тақырып – жаңа заман көшіндегі қазақ жастарына бағыт беру.

- Тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Оларға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Қоғам дамуының алғышарты – адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай мінберлерге келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар – қоғамның жемісті дамуының кепілі, - деді Р.Ибраймова.

Қазір қоғамда Neet жастар көбейді. Бұл термин – хaлықaрaлық aббревиaтурa. Ғылым caлacындa бұл термин aғылшын тіліндегі «Notin Employment, Educationor Training» ұғымының бac әріптерінен құрaлғaн. Ал қазақша таңбаласақ, «жұмыc іcтемейтін, оқымaйтын, өзге де іcтермен шұғылдaнбaйтын aдaм» дегенді білдіреді. Олармен күресудің жайын С.Сымханов таразылады.

- «NEET» тобынa жaтaтын жacтaрдың aртуынa көптеген фaкторлaр әcер етеді. Сол себепті, олардың білімге ұмтылмaуының не жұмыccыз жүруінің cебептерін бір жaқты қaрacтыруғa болмaйды. Бұл – қоғам болып күресетін жайт. Мәселен, жастарды ұйыстыра білетін көшбасшы жастарымызды көбейту керек. Биыл елімізде «Еріктілер жылы» жарияланды. Бұл жастарды жұмыссыздықтан, қоғамнан оқшау қалудан құтқарды. Жұмыссыздық мәселесі кез келген елде бар. Бірақ онымен күресудің тиімді тәсілі көп елде жоқ, - деді С.Сымханов.

Жиында жастар да өз ойын ортаға салды. Аға буын мен жастар пікір алмасты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"