ПАРТИЯНЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТШЫЛАРЫ ЕҢБЕК АРДАГЕРІНІҢ ҮЙІНЕ БАРДЫ

Уақыты: 02.01.2021
Оқылды: 1035
Бөлім: МІНБЕР

Іле ауданындағы үгіт-насихаттық жұмыс аясында Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер еңбек ардагері, Іле ауданының Құрметті азаматы, Боралдай ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Мархаба Қаламбаеваның үйіне барды.

Еңбек ардагерімен сұхбаттасып, келген мақсаттарын атап өткен үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен толық таныстырып өтті. Айталық, алдағы бес жылда Іле ауданында «Береке» инженерлік инфрақұрылымы салынып, соя өңдейтін «АгриТЕЧ» кәсіпорнын жаңғырту жұмыстары қолға алынады. Одан бөлек, 2 қоқыс өңдеу зауытының құрылысын бастап, Боралдай кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу көзделген. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту, жол салу, жұмыспен қамту, аудан экономикасын өрістету, әлеуметтік мәселелерді шешу секілді нақты жоспарлар жүзеге асуы тиіс.

Кездесу соңында "нұротандықтар" 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырып, ардагерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Өз кезегінде Мархаба апай партияның жасап жатқан игі жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Мәулен ДАНИЯРҰЛЫ

Алматы облысы

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді)