ЗАМАНАУИ СПОРТТЫҚ КЕШЕНДЕР САЛУ ІСІ АРЫ ҚАРАЙ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Уақыты: 07.01.2021
Оқылды: 1215
Бөлім: МІНБЕР

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Мақпал Тәжмағамбетова Райымбек ауданының тұрғындарымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан жұмыстарын толыққанды түсіндірді.

Ауылдың жағдайы елдің келешегіне тікелей байланысты екендігін ай- тып, қазір ауылдық елді мекендерге қолдау жан-жақты жасалып жатқанын мысал еткен Мақпал Мазаққызы:

– Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүйелі жүзеге асуда. Жоба сәтті жүзеге асса, ауылдағы ағайынның бақуатты өмір сүруі қамтамасыз етілмек. Міне, біздің партияның да көздеген мақсаты сол, – деп партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына белсенді атсалысатынын тарқатып өтті. – «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауызсумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасына негізгі бағыт етіп алды. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар ауқымды жоспарларын кіргізді. Мәселен, елдегі үшауысымдық мектептердің түбегей- лі жойылуын, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алған. Одан бөлек, сапалы білім – болашаққа салған мықты капитал. Бүгінгі оқушы – ел келешегі десек, оларды заманауи білімге сусындату да сайлауалды бағдарламада басты тақырып болып тұр.

Мақпал Тәжмағамбетова партияның жергілікті тұрғындардың денсаулығын нығайтуға қалай қатысатынын сөз етті. Үміткер халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 55 пайыздан 60,1 пайызға дейін жақсартуға мүмкіндік бар екенін айтты. Сайлауалды бағдарламаға сай өңірде 2025 жылға дейін спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 30 пайыздан 45 пайызға артады.

– «Nur Otan» партиясы, сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, бұқаралық спортты одан әрі дамытуды көздейді. Спорт – денсаулық кепілі. Осы бағытта Алматы облысында 18 спорттық нысан салуды жоспарлап отыр. Бұл спорттық нысандар қатарында 8 денешынықтыру-сауықтыру нысаны, 7 спорт кешені бар. Сондай-ақ, Талдықорған қаласынан көгалдағы хоккейге арналған жабық кешен, спорттың өзге түріне арналған спорттық нысан, құзға өрмелеу және көркем гимнастикаға арналған кешен бой көтермек, – деді Мақпал Мазаққызы.

Кездесу соңында үміткер кегендіктерді 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы)