КЕГЕНДІКТЕРДІ "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ

Уақыты: 07.01.2021
Оқылды: 978
Бөлім: МІНБЕР

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Ержан Жасыбаев Кеген ауданында шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесу өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасындағы ауылшаруашылығын өрістетуге негізделген басым бағыттарды, еліміздегі жүйелі жұмыстарды түсіндіріп өтті.

Бұдан бөлек, ауылдағы ағайынның тұрмысындағы мәселелерді тыңдап, шешу жолдарын ұсынды. Себебі, ауыл – қазақтың қара шаңырағы, алтын бесігі. «Ауыл көркейсе ел өркендейді» деген сөз содан шықса керек. Қазір ауылдың өркен жайып, дамуына жасалып жатқан шаруа жетерлік. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылдағы ағайынның көсегесі көгеріп жүр.

– «Nur Otan» партиясы елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ, өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдеседі, – деген үміткер атқарылар міндеттердің маңыздылығын салмақтады.

– Ауыл мен қала, аудан орталықтарын байланыстыратын жолдардың сапасы да жақсарады. Әрине, ауылдағы ағайынның сапалы ауызсумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасына негізгі бағыт етіп отырмыз. Сондықтан алдағы саяси науқанда әрбір қазақстандықты белсенді болуға және нақты істер партиясы – «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын. Біз, қандай қиындық болмасын, бірге еңсереміз. Келешекте мал және өсімдік шаруашылығын ілгерілету де партия назарынан тыс қалмайды. Мәселен, қосымша суармалы 5,7 мың гектар жер іске қосылып, 67 мың гектар суармалы жер қайта қалпына келтірілмек. Суармалы егіншіліктің де жылдан-жылға өз қиыншылығы туындап келе жатқаны байқалуда. Осы ретте 163,1 мың гектар жерге ылғал үнемдеу технологиясын қолдану көзделсе, тамшылатып суару әдісі арқылы егін егу көлемін 13,8 мың гектарға жеткізу сайлауалды бағдарлама арқылы жүзеге аспақ, - деді қорытынды сөзінде үміткер.

Мәулен ДАНИЯРҰЛЫ

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы)