"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ: НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ?

Уақыты: 08.01.2021
Оқылды: 854
Бөлім: МІНБЕР

«Жетісу медиа» ақпараттық алаңында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық сайлауалды штабы бойынша үгіт-насихаттық кезеңнің аяқталуына арналған брифинг өтті. Бұл туралы аталған партияның Алматы облыстық филиалы мәлімдеді.

Онда «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева аймақта атқарылған жұмыстарды баяндап, сайлауға 706 үміткер және 3009 бақылаушы тіркелгенін айтты.

Үгіт-насихаттық жұмыс партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасы аясында жүргізілген. Науқан аясында 6049 шара ұйымдастырылып, карантиндік талаптарға сай 3064 шара онлайн режимде өткізілді. Барлығы 412 048 адам қатысып, бетпе-бет кездесу – 165 896, ал онлайн қамту – 246 152 сайлаушыны құрады.

– Іс-шаралар форматы бойынша «Есіктен-есікке», экспромт, белгілі тұлғалар үйінде канвассинг кездесу және сайлаушылармен тікелей эфирлер ұйымдастырылды. Медиа жоспарға сәйкес штаб қызметі 57 газет, 87 сайт, 1 өңірлік телеканал, 1 радиода жалпы 8111 материал жарық көрді. Телеарнада – 79 сюжет, әлеуметтік желіде – 4425 жарияланым, газеттерде – 1264 мақала, сайтта – 1045 материал жарық көрді, – деген Гүлнәр Қожағұлқызы үгіт-насихат жұмысына танымал тұлғалар, эстрада әншілері, шоу бизнес өкілдері, жазушылар, вайнер, блогерлер және желі белсенділері де  тартылғанын айтты.

Баспасөз-мәслихатында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева облыстық және 20 аудан-қалалық штабтарда біздің үміткерлер қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау жүргізілгенін, онда 697 қабылдау ұйымдастырылып, 2341 азамат қабылданғанын жеткізді. Нәтижесінде, 1037 ұсыныс жиналғанына тоқталып:

– Біздің сайлау науқанымыздың басты ұраны – қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! Бірлік пен ынтымақтың арқасында біз бір команда ретінде кез келген биікті бағындыра алатынымызға сенімдімін! 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, – деп аяқтады сөзін.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді)