"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ӨТКЕН ДЕПУТАТТАР

Уақыты: 14.01.2021
Оқылды: 1555
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихатына өткен депутаттар тізімі жарияланды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

«ҚР Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 111-1 бабы және «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.8 тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының 13 қаңтардағы шешімімен 37 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, Алматы облыстық мәслихатының VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясына жолданды.

Жалпы, Алматы облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 78 пайызға жаңарды. Орташа жасы - 48, яғни 7 жылға жасарды.

Тізімдегі 24 кандидат – праймериз қатысушыларынан, 13 кандидат партия филиалы төрағасының квотасы бойынша бекітілген.

Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың барлық деңгейдегі мәслихатта жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» Фракциясының жаңа құрамының 46,2%-ды әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.

Негізінен облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық корпусына білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ҮЕҰ, кәсіпкерлер, инфрақұрылым, көлік саласы, ауыл шаруашылығы және басқа салалардың өкілдері енді.

Депутаттық тізім келесідей:

  1. Абитов Ерік Әзілжанұлы
  2. Абишев Бекет Құдайбергенұлы
  3. Ақсубаев Серік  Мұқашұлы
  4. Ақжолтаева Алия Ақжолтайқызы
  5. Аубакиров Мұрат Амангелдіұлы
  6. Ахметова Гүлмира Асқарқызы
  7. Баймырзаев Куат Маратұлы
  8. Байтаев Базархан  Ізмұханұлы
  9. Дигай Дамир Анатольевич
  10. Донбаев Жалғасхан Серікұлы
  11. Ерубаева Гүлжан Жұбайқызы
  12. Есболова Ләззат Мұхаметқалиқызы
  13. Жазықпаева Жанна Тастемірқызы
  14. Жарасбаев Даулет  Жамалбекұлы
  15. Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы
  16. Каримов Досан Елжанұлы
  17. Қожасбаев Руслан Садуақасұлы
  18. Кузиев Закиржан Пирмухамедович
  19. Құраметова Гүлнар Съездбекқызы
  20. Күрішбаева Ділдәш Нариханқызы
  21. Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы
  22. Кыстаубаев Әбдіжаппар Өгізбайұлы
  23. Нам Герман Николевич
  24. Нестеров Константин Михайлович
  25. Нұрдаулетов Сұлтан Нұрғайыпұлы
  26. Салықова Римма Аждарқызы
  27. Сарсеков Сайдулла Камалұлы
  28. Саятова Баршагүл Ахатқызы
  29. Сүлейменов Асқар Фазылұлы
  30. Сұлтанғазиев Қуат Елеусізұлы
  31. Тлеуханов Сұңғат  Қадырбекұлы
  32. Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұлқызы
  33. Төлепбергенова Әсел Болатқызы
  34. Тынышбаев Берік Тынышбайұлы    
  35. Үстенов Бағдаулет Нағыметбекұлы
  36. Үшкемпіров Елдос Жақсылықұлы
  37. Шенгелбаев Секенбай Сейтжанұлы

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"