Жеңістің 80 жылдығы: «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті

Уақыты: 15.04.2025
Оқылды: 198

Өтенай ауылдық Мәдениет үйінде Талдықорған қаласы әкімінің жүлдесі үшін және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті.

Екі кезеңнен тұратын жарысқа Талдықорған қаласының әскери бөлімшелері мен колледж студенттерінен 18-29 жас аралығындағы 14 жігіт спорт және өнер кезеңдері бойынша бақ сынасты.

«Жігіт сұлтаны» байқауына 54380 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегісарбазы, қатардағы Ерназар Несіпбек те қатысып, өз бағын сынаған еді. Байқау қорытындысы бойынша ақыл-білімі, тапқырлығы және ер жігітке тән ерекше қасиеттерімен дараланған ол I дәрежелі дипломмен және 100 000 теңгенің сертификатын иеленді.  Оны Қала әкімі Ернат Бәзіл салтанатты түрде табыс етті.

Дереккөз: sarbaz.kz