КЕГЕНДЕ ОЙНАП ЖҮРІП АДАСҚАН ҮШ БАЛА ТАУ ҚОЙНАУЫНАН ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 27.02.2021
Оқылды: 1871
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Кегенде адасып кеткен үш ойын баласы тау қойнауынан табылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Сағат 14:35 шамасында Кеген аудандық полиция бөліміне 1976 жылғы азаматша кәмелет жасына толмаған 7 жастағы екі баланың және 9 жастағы бір баланың ойнауға кетіп, оралмағанын айтып шағымданған.

- Балалардың жоғалғаны туралы хабар түсе салысымен бірден жаппай іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде, сол ауылдық округке жауапты учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны С.Баянбекұлы мен ЖПҚБ ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция аға инспекторы Ж.Мәлібеков аумақты шолу барысында сағат 15:30 шамасында балаларды тау шатқалында ойнап жүрген жерінен тауып, анасына табыстады. Бүлдіршіндердің ойнап жүріп, тау ішіне кіріп, адасып кеткендігі белгілі болды. Ювеналды полиция тобының қызметкерлері балалардың анасымен профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - дейді Кеген аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерлік Үркімбаев.

Өз кезегінде балаларымен қауышқан ата-ана шын жүректен тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"