АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҮШ АДАМДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Уақыты: 03.03.2021
Оқылды: 1093
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының полицейлері үш адамды өлтіру қылмысын ізін суытпай ашты. Бұл туралы "Жетісу" газеті Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Алматы облысының полициясына тұрғын үй пәтерлерінің бірінде зорлықпен өлтіру белгілері бар 3 адамның денесі табылғаны туралы хабар түсті. Полицейлер қаза болғандардың тұлғасын анықтады. Көз жұмғандардың барлығы ішімдікке әуес болған.

Қылмыс жасады деген күдікпен олардың танысы ұсталды. Сол күні барлығы қосылып, спирттік ішімдік ішкен. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Ал қылмыс құралын лақтырып жіберген. Бірақ полицейлер оны бір тәулік ішінде іздеп-тапты. Ол қылмысын мойындады. Күдікті – бұған дейін бұзақылық үшін істі болған, Ескелді ауданының 26 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта уақытша ұстау абақтысына қамалды, айғақзат тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"