Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ЖАНЖАЛДАСЫП, БІРЕУІ ҚАЗА ТАПТЫ

Уақыты: 11.04.2021
Оқылды: 532
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысындағы колонияда сотталғандар арасында жанжал шықты. Өкінішке қарай, жанжалдасқан сотталушының бірі қаза тапты. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысындағы орташа қауіпсіздік мекемесінің тәртіптік изоляторында сотталғандар арасында жанжал шығып, олардың бірі екіншісіне дене жарақатын салған. "Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оқиға болған жерге келген "Жедел жәрдем" бригадасы сотталушының қаза болғанын анықтады. Мән-жайды анықтау мақсатында оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері және ҚАЖД басшылығы келді", - делінген комитет хабарламасында.

Жазасын өтеп жатқан екі адам да бұрын сотталған. Олар ҚР Қылмыстық кодексі 191-бабының 2-бөлігі "Тонау" және 192-бабының 2-бөлігі "Қарақшылық" бойынша қамалған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"