АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ІРІ ЖОЛ АПАТЫ ТІРКЕЛІП, ҮШ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 23.04.2021
Оқылды: 1611
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында араға күн аралатып екі бірдей ірі жол апаты тіркелді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Біріншісі Бішкек-Алматы тас жолында, Қошмамбет пен Ұлан ауылы аралығында болды. Мұнда алдындағы көлікті басып озбақ болған Mitsubishi мен Mercedes жүргізушілері қаза тапты. ГАЗель көлігі жүргізушісінің сөзінше, қолайсыз ауа райы жағдайында озуға шыққан Mitsubishi Lancer мен Mercedes-Benz C-класс өзара соқтығысып, Mitsubishi жолдан шығып кетсе, Mercedes ГАЗельмен бетпе-бет түйіскен.

Жарақат алған бір жолаушы "Жедел жәрдеммен" ауруханаға жеткізілсе, қан-жоса болған тағы бір жолаушы көлік тоқтатып, апат болған жерден кетіп қалған. "Мерседестің" 20 жастағы жүргізушісі мен "Мицубиси Ланцердің" 27 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Екінші қайғылы оқиға кеше Алматы-Нұр-Сұлтан автожолының 40-ншы шақырымында тіркелді. Полиция департаментінің мәліметінше, «BMW X5» маркалы көлігі «Daewoo Nexia» машинасымен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан азиялық көліктің 57 жастағы жолаушысы қаза тапты. Ал жүргізуші мен тағы екі жолаушы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда жол апаттары бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"